С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының қорына қазақ тіліне аударылған үздік оқулықтармен толықты.

Жаңа оқулықтар «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының бір бөлігі болып табылады және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық аударма бюросымен әзірленген. 

Айта кетерлігі, жоба аясында әлемнің үздік еңбектері таңдалып алынды және бұл кітаптар оқырмандар тарапынан жоғары сұранысқа ие. 

Мамандардың топшылауынша, оқулықтар әлемдік ғылыми ойды қазақстандық білім кеңістігіне енгізетін көпір еспеттес болмақ. Аударылған еңбектер студенттер мен ғалымдар үшін оқу үрдісінде қолданылатын таптырмас құрал болмақ.