С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ашық есіктер күні өтті.

Үш күн ішінде университетке Ертіс өңірінің 11 ауданының оқушылары келіп, жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. 

Болашақ студенттер үшін университет ішінде кешенді экскурсия ұйымдастырылды. Оларға барлық факультеттер туралы мол мағлұмат берілді. Оқушылар, сонымен қатар, зертханалар мен студенттік ұйымдардың жұмысымен жақынырақ танысты. 

 Мектеп оқушылары Халықаралық стартап академиясы, ПМУ колледжі және әскери кафедраның қызметіне қызығушылық  танытты. Айта кетерлігі, университет студенті атанған жастар негізгі мамандық бойынша білім алумен қатар, әскери шен алу мүмкіндігіне ие. 

Ашық есік күніне келгендер қызықтырған сауалдарына тұшымды жауап алып, «School party» байқауына қатысты.