«Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің студенттері «Ауыл азаматтары» атты комедиялық спектаклін қойды. Шығарма халықаралық әйелдер күніне орайластырылды.

Жаңа комедиялық туынды ауыл әйелдерінің тыныс-тіршілігіне арналған. Қойылымның желісі бойынша сауыншылар өз ауылдарын қатал тексерушіден құтқарып қалады. Әйелдер бесінші сауыншыны тапқыр жігітпен алмастырады. Көрермен қауым драматургиялық шығармаға жоғары бағасын беріп, мерекелік көңіл-күйді сезінді. 

«Біздің бірлестік студенттік театр өнеріндегі ең үздік шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Бұл қойылым арқылы жас әртістер түрлі образдарды шебер сомдай алатындарын дәлелдеді», - дейді шығармашылық ұжымның төрағасы Бәкіжан кәкім.