С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Батыс Еуропа, Ресейдегі әріптестерімен бірге жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Үй жылқылары мен Пржевальский жылқысының пайда болуы туралы «Science» танымал ғылыми журналында жария етілді.
Еуропа мен Азияда тіршілік ететін ежелгі жылқылардың ДНҚ-на жүргізілген зерттеу нәтижесінде Дания жаратылыстану тарихы Мұражайы жанындағы Геогенетика Орталығының профессоры Л. Орландо жетекшілік еткен ғалымдар жылқылардың жабайы түрлерінің соңғы өкілі және қазіргі үй аттарының ата-бабасы болып саналған жануар бастапқыда жабайы болмағанын анықтады.
Пржевальский жылқысы – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай тұрағында 5,5 мың жыл бұрын өмір сүрген жылқылардың ұрпағы. Ертістің Павлодар өңірінде Ботай типіндегі жылқылардың сүйектері Бөрлі 4 (Лебяжі ауданында) табылған. Бұл жайт 2011 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік университетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы бірлескен ғылыми-зерттеу археологиялық орталығының ғалымдары В.К Мрец және И.В.Мерцті ңжетекшілігімен жүргілуде.
«Генетикалық зерттеудеу нәтижесінде Солтүстік және Солтүстік Шығыс Қазақстандағы Ботай және Бөрлі 4 тұрақтарында тіршілік еткен энеолит дәуіріне тиесілі жылқылар үй жануарларына жатады деген байламға келдік. Бұл – негізгі ғылыми жаңалық. Бұған дейін осы тектес қорытындылар ботайлық жылқылардың морфологиялық ерекшеліктері және өзге жанама дәлелдермен байланыстырылды. Нәтиже болғанмен, ғылыми дәлел болмады. Осы жайт сенімсіздік тудырғандықтан, зерттеулер жүргізілді. Сондықтан, бұл ғылыми ашу мал шаруашылығы түріндегі шаруашылық формалары туралы пікірталастарға нүкте қойды. Ал Қазақстан далаларындағы б.з.д IV мың жыл бұрын қарапайым аңшылық туралы мәселе толық зерттелген жоқ. Пржевальский жылқысына қатысты айта кетсек, бұл жануар селекцияның жанама әсері. Бұл – жеке жабайы түр емес», - дейді В. Мерц.
Бөрлі өзенінің маңындағы шаруалар тіршілік еткен орындарын зерттеу мен табылған жылқы сүйектерінің генетикалық ерекшеліктері Шығыс Қазақстандағы шарышылықтың әлдеқайда ерте пайда болған деген түйін жасауға негіздеуге мүмкіндік бермек.
http://science.sciencemag.org/content/early/2018/02/21/science.aao3297