С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері Алтай мемлекеттік университетінде (Барнауыл қаласы) жұмыс сапарымен болып қайтты.

Іссапардың негізгі мақсаты – халықаралық білім беру, ғылыми және мәдени кеңістіктегі интеграциялық байланысты дамыту, сонымен қатар, Азия университеттері Қауымдастығы бойынша жоғары оқу орындар арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын белсенді ету.

Кездесу барысында физика, математика және ақпараттық технологиялар, сонымен қатар, химиялық технологиялар мен жаратылыстану факильтеттері арасында келісімдер жасалды. 

Бұл құжат негізінде оқытушылар Алтай мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алып, қосдипломды магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, академиялық алмасы бағдарламаларына қатысу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және өзара интеграцияланған білім беру бағдарламалары мен Алтай мемлекеттік университетінің базасында өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

Сонымен қатар, «Баянтау» туристік базасында «Жасыл экономикадан -жаңа типті экологиялық мәдениетке» атты екінші Халықаралық жазғы мектебі ұйымадстырылмақ.

Еске сала кетсек, С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Алтай мемлекеттік университеті арасында қойылған меморандумға 2015 жылы қойылған. Келісім негізіндегі бірлескен жұмыс филология, туризм, география және басқа бағыттар бойынша атқарылуда, 

Алтай мемлекеттік университетінің делегациясы Ә. Марғұлан атындағы ғылыми орталықтың археологиялық табыстарына зор қызығушылық танытып, танысты. Сонымен қатар, мамандар ак. С. Бейсембаев ғылыми кітапханасы, халықаралық стартап академиясында болып, стартапшыларды оқытуғағы креативті шешімдерге жоғары бағасын берді.