С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері республикалық «Pavlodar music games» байқауынан 11 жүлде жеңіп алды.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен барлығы 150 қатысушы жиналды. Қазылар алқасының төрағасы Қазақ Ұлттық музыка академиясының доценті, Астана қаласындағы Қазақстан Композиторлар Одағы филиалының төрағасы С.К.Абдинуров болды. 

Үздік орындаушылар фортепиано, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар және халық аспаптары аталымы бойынша анықталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша ПМУ студенттері фортепиано санатында алты жүлделі орынға ие болды, соның ішінде үшеуі жеке орындаушылар (бірінші, екінші және үшінші орын) және екеуі дуэт (бірінші, үшінші). Ал, халық аспаптар аталымында екі жеңімпаз, үрмелі аспаптар аталымы бойынша, үш орындаушы ерекше өнер көрсетті.

Серікжан Абдинуров үрмелі аспаптар номинациясы бойынша қатысушылардың өнерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Павлодар облысындағы үрмелі аспаптар мектебінің Қазақстандағы орны жоғары екенін жеткізді.

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің доценті Лариса Латышова пианисттік тренингтің деңгейін жоғары бағалап, олардың кәсіби шеберлігі мен техникасын, орындаушылардың еркін және эмоционалды жағдайын атап өтті.

Сахнада Қазақстан композиторларымен қатар шетел композиторларының танымал туындылары орындалды. Мысалы, Қ.Шілдебаевтың «Концерттік күй», А.Бестыбаевтың «Скерцо», И. Брамсаның «№1 Венгер биі» сынды танымал туындылары байқаудың ажарын аша түсті.