С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінің дайындық бөлімінде оқитын студенттер ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Болашаққа бағдар:Руханижаңғыру «Туған жер-тұнғар тарих» атты концерт ұйымдастырды.

Концерт көрермендерге ерекше көңіл сыйлады. Өнерпаз жастар вокал және хореографиялық нөмірлер дайындап ұсынды. Осы күні сахнаға жас орындаушылар шығып, Отанға, туған жерге арналған әндер шырқады.

Факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сәуле Ксембаеваның айтуынша, бұл – еліміздегі ең маңызды мереке. Сондай-ақ, ол Қазақстанның жаңа тарихының бір бөлігі.

«Біздің факультетте осындай талантты балалардың оқығаны қуантады. Бүгінгі шара барысында тамаша патриотты әндер тыңдап бір жасап қалдық» - дейді ол.