Павлодар мемлекеттік университетінің магистрі Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін жастардың энергиясы» республикалық ғылыми-практикалық семинар-тренингінде жеңімпаз атанды.

Конкурсқа Қазақстандағы сегіз жоғары оқу орнының 50-ден астам магистранты қатысты. Олар бүгінде 2-ИИДМБ бойынша оқып жатыр. 

Семинар жұмысы химия, металлургия, биотехнология, технологиялық жабдықтар және ақпараттық технология салалары бойынша жүргізілді. 

Қатысушылар «Үздік спикер», «Үздік инновациялық аспект», «Үздік шығармашылық жоба», «Үздік коммерциялық аспект» және т.б. номинациялар бойынша өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.

Павлодар мемлекеттік университетінің магистранты Арай Жақыпова «Болаттан жасалған бұйымдар сапасын бақылау жүйесін жетілдіру» баяндамасымен «Үздік презентация» номинациясын жеңіп алды.  

Мұндай республикалық семинарлар қатысушылардың профильдік шеберлерлігін арттырып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны айтылды.