С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетте ЖИТС –қа қарсы күрес әлемдік кампаниясына арналған айлықтың шеңберінде «Н=Н» (анықталмаған болса жұқпайды) ұранымен семинар – тренинг өтті.

Бұл, АРВ-терапияны қабылдайтын және анықталмайтын деңгейге дейін қамықтырылған адамдар басқаларға инфекцияны жұқтырмайды. 

Семинар университеттің қызметкерлерін, оқытушыларын, студенттердің басын біріктіріп, Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу мен оған қарсы күрес орталығымен бірігіп өткізілді. 

Іс-шара мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселесіне көңіл аудару, сырқат туралы ақпараттандыру, жұқтыру жолдары мен қорғану түрлері, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық жауаптарын ала алды. 

Іс-шара барысында Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу мен оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен індетті жұқтыруды анықтайтын тегін экспресс-тест жасалды. Бұл тестке ниеті бар адамдардың барлығы қатысты. 

АИТВ/ЖИТС мәселесіне қазіргі қоғамның әлемді алып кеткен ғаламдық мәселе болып табылады. Ол көп жылдар бойы өзекті болып, өзіне медицина қызметкерлерінің ғана емес, мемлекеттің, барлық тұрғындардың назарын талап етеді. Сондықтан барлығымыз мұндай маңызды іс-шараға қатысуымыз керек.