Павлодарда өткен көңілді тапқырлар клубы ойнына қаланың ең үздік командалары жиналды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Сансара» командасының әзілдері қазылар алқасын да, көрермендерді де күлкіге қарық қылды. Олар қоғамдағы әртүрлі тақырыпты әзілге қосты.

Ойын қорытындысы бойынша, «Сансара» командасы бірінші орын жеңіп алды. Ал осы команда ойыншысы Жалғас Ғабдолла «Мистер кубка КВН» аталымына ие болды.

Қатысушылардың айтуынша, КТК ойындары жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі, ерекше әзіл шығаруға үйретеді және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жігерлі жігіттер әзілдесе білудің өзі нағыз бақыттың кілті екенін атап өтті.