С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Ермұрат Төлегенов республикалық «KazRoboProject - 2017» ғылыми-техникалық жобалар байқауынан бірінші орын алды. Қазылар алқасына студент әзірлеген микропроцессорлық ALMAZ компьютерлік бағдарламасы ұсынылды.

Өздеріңіз білесіздер, бүгінде барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолмен жұмыс жасау қалып барады. Материалды өңдеуге арналған станоктар өндірістік процестерді автоматтандыру үшін қолданылады. 

Жаңа ALMAZ  құрылғысы қатты және ерекше қатты материалдардан  әртүрлі мақсаттағы бөлшектерді дайындауға бағытталған. Ол түрлі қызмет салаларында қолданылады. Сонымен қатар,  қатты материалдарды лазердің көмегімен механикалық өңдеуге болады.

Ермурат Төлегеновтың айтуынша, техникалық шығармашылықта, робототехникада стандартты емес бөлшектерді әртүрлі материалдардан жасау қажет болады, бірақ стандартты өндірістік машиналарды әрдайым қолдану мүмкін емес.

«Менің өнертабысымдағы маңызды факторлардың бірі - өнеркәсіптік үлгілерді орнату құнын төмендету және оның мөлшерін азайту.  Ал, ең басты артықшылығы - ыңғалылығы мен ықшамдылығында», - деді Ермұрат.