ПМУ ректоры, фил.ғ.к. Гауһар Ахметова, химия және химия-технолгия кафедрасының меңгерушісі Мәдениет Елубай бастаған делегация «ПНХЗ» ЖШС-де болды.

Іс-шара барысында аталмыш зауыттың бас директор Данбай Шухраттың қатысуымен екі жақты кездесу өтті.

Кездесу барысында университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту, зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлерін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және үйлестіруге тарту, мұнай-газ және химия-технология мамандықтарының бейінін нығайту мәселелері талқыланды.

Болашақта мамандарды дайындау және талапкерлердің теориялық білімдерін күшейту мақсатында химия және химия-технологиясы кафедрасына, сондай-ақ, Павлодар химия және механика колледжінде оқытуға тарту мәселесі қаралды.

Қонақтар кәсіпорынның бүгінгі келбетіне экскурсия жасады. Кездесуге қатысушылар оқу орталығының, зауыт зертханасының, технологиялық қондырғылардың және шығарылған өнімдермен танысты. Сондай-ақ «ПНХЗ жаңғырту» жобасы бойынша салынып жатқан нысандарды аралады.