С.Торайғыров атындағы ПМУ-да шағын футбол турнирі аяқталды. Алаңға оқу орын қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы шығып, ректор кубогын сарапқа салды.

Жарыс қорытындысы бойынша, тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаменті және гуманитарлық-педагогикалық факультеті жеңімпаз атанды. Бұл команда осымен екінші рет чемпион атанып отыр. Университеттің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің футболшылары басты қарсыласына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Турнирдегі құрметті үшінші орын металлургия, машина жасау және көлік факультетінің футболшыларына бұйырды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, ПМУ бұрыннан бері көптеген спорттық-бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде жыл сайынғы дәстүр бойынша шағын футбол жарысын өткізіп келеді.

- «Шағын футбол турнирін өткізу – университеттің жарқын дәстүріне айналған. Біз жаңа оқу жылының келуін жыл сайын асыға күтеміз. Өйткені, бұл біздің өз күшімізді көрсететін сәт», - дейді «Сұңқар» спорттық клубының өкілі Ж.Аблаев.