С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивесритетінің метарллургия, машинажасау және транспорт факультетнде «Нефтехим LTD» ЖШС-нің мамандандырылған аудиториясы ашылды. Ашылу рәсіміне «Нефтехим LTD» ЖШС директорының кеңесшісі Олег Тимошов, оқу орталығының жетекшісі Анастасия Гришина және факультет ғалымдары қатысты.

Қонақтарды алдымен Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Ахметова құттықтады. Сондай-ақ, ол мамандандырылған аудиторияны ашу кәсіпорын мен университет арасындағы өзара ынтымақтастық бағдарламасының тағы бір тармағы екенін атап өтті.

Мұнда кәсіпорын базасы негізінде сабақтар өкізіліп, бітіретін студенттер дипломдарын қорғайды.  Сонымен қатар, ГПИИР-2 бағдарламасының шеңберінде ПМУ-дың прифильді магистратурасын  оқытады. 

«Нефтехим LTD» ЖШС-мен әріптестік бағдарлама аясында тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар мен ақпараттық-әдістемелік материалдар ұсынылды.

Жаңа ашылған мамандандырылған аудитория тиісті оқу профилінің студенттері үшін практикалық сабақтарды өткізуге арналған алаң бола алады.