Халықаралық көрмелер мен әлеуетті инвесторлар тобы клубы делегациясының сапары барысында университет ректорының міндетін атқырушы Н.Ержанов пен «Жібек жол» қауымдастығының бас директоры ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Аталған келісімшарт өзараинтегралды бағдарламасын дамытуға арналған. Енді Нанкин университетінде жылына біздің он студентті оқыту мәселесі тұр. Меморандум бойынша сутеденттерді 50 пайыз жеңілдікпен оқыту қарастырылған. 

Білім беру саласында тәжірибе алмасу аясында студенттер ол жақтан тәжірибе жасауға және сынақтан өтуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге және халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізуге болады. 

Нанкин әуе кеңiстiгiн пайдалану және аэроғарыштық университеті біздің ПМУ-мен үш мәселе бойынша ынтымақтастық орнатпақ: Техникалық бағыт, ақпараттық технология және халықаралық бизнес. Р.Кумардың айтуынша, Павлодар облысы аса ірі өндірістік орталық болғандықтан, біздің өңірді таңдаған. 

Кешенді-танымдық экскурсия барысында профессор Раджеш Кумарға ғылыми-өндірістік лабаратория мен «Ертіс» ғылыми-технологиялық саябағының соңғы жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар мейман жоғары оқу орнының Халықаралық стартап академиясында және археологиялық музей қорында болды.