«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мәшһүртану» ҒТО және философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп және Алаш идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Жиылғандар алдында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары: философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, дінтану кафедрасының меңгерушісі Досай Кенжетаев және философия ғылымдарының кандидаты, доцент Омар Темірбеков Мәшһүр Жүсіп философиясы, Мәшһүр дүниетанымының негіздері туралы тұщымды баяндамалар оқыды 

Сонымен қатар, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының М.Ж. Көпеев атындағы орта мектепте өткен «Мәшһүр оқулары XIII» аудандық конференциясы асында «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақ руxаниятының темірқазығы» атты ғылыми семинар өтті. 

Семинарда ойшылдың еңбектерін саралап, қазақ халқының ұлы тұлғасы, біртуар жерлесіміз, ағартушы, шығыстанушы,  фольклоршы, ақын Мәшһүр Жүсіптің шығармаларының рөлі турасында талқылады. 

Балалар М.Ж. Көпейұлының шығармаларына арқау еткен эссе жазуда, ақындық қабілетін танытуда, мәнерлеп оқу және ғылыми жобалар қорғауда сынға түсті. 

Ал үздік жобалар конференцияның жабылу салтанатында марапатталды.