С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ұлттық біріңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдеріне арналған өңірлік оқыту семинары өтті.

Семинарға қатысушылар алдында Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Шинетова Ләззат Ермекқызы сөз сөйледі. Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізу технологиясын түсіндіру және оқыту бойынша толық ақпарат берілді. ҰБТ өткізу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің басты қызметтері мен іс-қимылдары, тестілеу, апелляция өткізу кезіндегі технологияларды бұзушылық түрлері түсіндірілді.

Семинар жұмысына ҚР БҒМ ҰТО-ның №78, №79, №80 филиалдарының жетекшілері мен сарапшылары қатысты. Тәжірибелік сабақтар жүргізіліп, қатысушылардың сауалдарына тұщымды жауаптар берілді. Семинардың нәтижесі бойынша ҰБТ өткізу технологияларын меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінен 113 қатысушы сәтті өтті.