С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен бақылау кеңесінің отырысы өтті.

Кездесу барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ түлектерінің жұмысқа орналасуы, университеттегі жұмыстардың тиімді көрсеткіштері турасында сөз қозғалды.

Жұмыс сапары шеңберінде Бибігүл Асылова С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің кәсіпкерлік, ғылыми және техникалық бағыттары бойынша жетістіктеріне қанық болды.

Сондай-ақ, вице-министрдің назарына стартап академия, коворкинг орталығы мен «Ертіс» технопаркінің жұмыстары ұсынылды. ПМУ-нің ғалымдары ғылыми зертханалар мен металлургия, машинажасау және басқа да әлеуетті салалар бойынша инновациялық жобаларымен таныстырды. 

Enactus Kazakhstan National EXPO 2016 республикалық байқауының чемпиондары – ПМУ-нің жас стартапшылары Бибігүл Амангелдіқызына өздерінің «Alau», «Tafella», «Крем-мёд», «Лизацин» бизнес жобаларын таныстырды. Сонымен бірге, жас іскерлер кәсіпкерлік университетінің толыққанды жоғары оқу орны ретіндегі тренд турасында баяндап берді.