С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVII Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы жұмысын бастады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов жас ғалымдарға жүрекжарды тілегін арнап, құттықтады:

«Жыл сайын университет қабырғасында өтіп тұратын «Сәтбаев оқулары» осымен он жеті жыл бойы отыз мыңнан астам талантты жас ғалымдар мен оқушылардың басын қосып келді. Халықаралық ғылыми конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Белорус елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Жыл өткен сайын қатысушылардың саны артып келеді. Биылғы жылғы конференция жинағына 1700-ге жуық  зерттеу жұмыстары жарияланды», – деді Нұрлан Тельманұлы.  

Энергетика факультетінің деканы, техн.ғ.к., профессор Александр Кислов пен «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Айман Зейнулина жас дарындарға шығармашылық табыстар тілеп, ақ баталарын берді.  

Конференцияның ашылу салтанатында қазақтың біртуар азаматтары Қаныш Сәтбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. 

Халықаралық конференция ғылмның 20-дан аса саласы бойынша жұмыс жасады.  

Биылғы жинаққа қазақ филологиясы мен орыс филологиясы, физика-математикалық ғылымдардың жағдайы және адам потенциалының жағдайы мен дамуы бағыттары бойынша мақалалар көп тапсырылды.