ИИД МБ – 2 шеңберінде SES (Германия) халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі неміс қорының аға сарапшысы техн.ғ.д. Гизела Элизабет Бартхольд С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына семинар өткізді.

SES (Бас сарапшылардың қызметі) – бұл халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс эконмикалық қоры, зейнеткерлік жастағы бұрынғы басшылық қызметте болған қызметкерлер мен мамандарды әлемнің түрлі елдеріндегі жобаларға жіберетін германдық жоба.

Гизела Элизабет Бартхольд болат қорыту және тігіссіз құбырлар өндірісі тақырыбында жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына және магистранттарына семинар өткізіп, облыстың ірі кәсіпорындары үшін металлургия және рециклинг үрдісі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. 

Гизела Бартхольдтің С. Торайғыров атындағы ПМУ-іне бұл жолғы келуі –  алғашқы сапары емес. Шетелдік ғалым университетте орын алған өзгерістер турасында да айтып берді: 

«Былтырғымен салыстырғанда зертханалар базасы артып, көптеген жаңа жабдықтар мен құрылғылар сатып алынған. Мәселен, әмбебап сынақ құрылғысы, спектрометр, 3D принтер және басқа да жабдықтармен жасақталған».

Гизела сынақ жұмыстарын толыққанды атқару үшін зертханада тағы бір қажетті құрылғы – металлографияға арналған жарықты микроскоптың болғаны құба-құп болатынын да ескерді. 

Павлодар мемлекеттік университеті мен аға сарапшылар қызметінің өзара мүмкіндіктерінің таныстығынан кейін белгіленген бағыттар бойынша алдағы уақыттағы ынтымақтастықты жалғастыру көзделмек.