С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде құқықтану кафедрасының ұйытқы болуымен «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Үндеуі мен Жолдауы – одан әрі реформаларды тереңдету бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің модераторы заң магистрі Жанар Кәрібаева болды.  Талқылау барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен Президенттің халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқыға салып, қоғамның демократиялану жолындағы мемлекеттің алдағы уақыттағы дамуы туралы өз ойларымен бөлісті. 

«Президенттің құзыретін Үкімет пен Парламентке өту ұсынысы әлем тәжірибесінде кездесетін ерекше қадам. Президенттің өкілеттіктіерін билік тармақтарына саналы түрде табыстау – тарихи  оқиға. Бүгінгі әлем қарқынды өзгеруде, және де сол өзгерістер Қазақстанға өз ықпалын тигізуде. Болашақтағы тарих белгілейтін жаһандық шақыруларға жауап ретінде жолымызды табуымыз қажет», – деді с.ғ.к., қауымдастырылған профессор Татьяна Воронова.  

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Президенттің жаңа ұсыныстары мемлекет дамуының ішкі саяси логикасына сәйкес деген пікірмен бір ауыздан келісті. Өмір өзгеруде, бұл жағдайда дұрыс қадам жасап, оң жауап қату маңызды. Ал, Президенттің жаңа бастамасы Қазақстан халқының игілігіне жүзеге асары анық.