С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне көптілді және мәдениеттер алуандығын ұстанатын тағлымдамашы-оқытушы Тристан Санни-Палани келді.

Бордо III. университетінің өкілі Тристанның Павлодарға сапары Павлодар мемлекеттік университеті мен Қазақстандағы Франция Елшілігі арасындағы келісімнің шеңберінде жүзеге асты.

Көптілді білім беру орталығында Тристан жарты жыл бойы ПМУ студенттері мен оқытушыларына, мектеп оқушылары мен басқа да университеттердің студенттеріне француз тілін оқытады.

Тристан лингвист-ұстаз ғана емес (Швейцарияда бір жыл бойы оқытушының ассистенті болып қызмет еткен),  өте қабілетті футбол төрешісі. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевпен кездесу барысында Тристан А-1-ден А-2-ге дейінгі деңгейлер бойынша француз тілін оқытудың екісатылы бағдарламасын таныстырды. Тристанның ойынша, оқытушылар оқу курсының аяғында француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердегі шетелдік білім беру бағдарламаларына қатысуына болады. Қонақтың айтуынша, француз тілін меңгерудің мұндай тәжірибесі шетелдегі оқудың  бастапқы кезінде білім алушыға өзге елде сенімді жүруіне мүмкіндік береді. 

Студенттер мен оқушылар өз кезегінде француз тілі мен мәдениетін қолданушы Тристанның жетекшілігімен тілді меңгеріп шығатынына сенімді.