Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Foundation» факультетінің даярлық бөлімінде білім алып жүрген тыңдаушылардың ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шараға факультеттің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушылары, сондай-ақ, басқа факультеттің студенттері де қатысты.

Шара барысында факультет тыңдаушыларының орындауында  ел Тәуелсіздігіне арналған өлең жолдары оқылып, әндер шырқалды. Білім алушылар  мың бұралып би биледі, әзіл атйып, жиылғанды өнерлерімен сүйсіндірді.