С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары ғылым саласындағы сыйлықтың және мемлекеттік ғылыми шәкіртақының иегерлері атанды.

Байқау қорытындысының шешімімен Қазақстанның заманауи ауыл мектептерін инновациялық-стратегиялық модернизациялау бағытындағы ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшін  п.ғ.д., «Физика және аспап жасау» кафедрасының қауымд. профессоры Күләш Нұрымжанова және п.ғ.д., профессор Гүлнас Ахметова Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегерлері атанды. 

Сонымен қатар, жас ғалмдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақыны «Металлургия, машинажасау және көлік» факультетінің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары, техн.ғ.к., қауымд. профессор Асылбек Қасенов иеленді. 

Шәкіртақы иегерінің айтуынша, айтулы марапат ғалымдардың  Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін сақтауға және дамытуға ары қарай да адал қызмет етуіне ықпал етеді. 

«Мен өзімнің ұстазым, ғылыми жетекшім профессор Дудак Николай Степановичке алғысым шексіз. Ол кісінің жетекшілігімен кандидаттық диссертациямды қорғадым, 70-тен аса мақала жарияладым және 10 инновациялық патенттер мен авторлық куәліктердің авторы атандым. Адам өз күшіне сенуі қажет. Бұл мемлекеттік  қолдау менің алдағы уақыттағы жұмыстарыма шабыт береді. Мұнымен қоса, мұндай марапат ғалым еңбегінің мәртебесін өсіретіні сөзсіз», – дейді Асылбек Жұмабекұлы.