С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Энерготиімділіктің инновациялық технологиялары» тақырыбына өзек болған дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелдің модераторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Н.Т. Ержанов өз сөзінде бүгінде Министрліктер, сондай-ақ, ТДҰА АҚ, Ғылым қоры, Дүниежүзілік банк сынды ұйымдар коммерцияландыруға және оны өндіріске енгізуге бағытталған инновациялық жобаларды қаржыландырудың бірқатар бағдарламаларын ұсынатынын сөзге тиек етті.

Шара Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мұрындық болуымен жүзеге асты.

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстық басқармалардың, өндірістік кәсіпорындардың («Қазхром» ТҰК» АҚ, «Батыр Көмір» ЖШС, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС және басқалар) және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Баяндамашылар энергетика, жасыл технология, қалдықтарды өңдеу салаларында жасап жатқан жобаларының тұсауын кесті. Бұдан өзге, айтулы жобаларды мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырудың жолдарын талқылады.