С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен экологиялық кеңес отырысында орман бұзушылықтарының алдын алу және орманды сақтау бойынша қолданылатын шараларға қатысты мәселелер талқыға салынды.

Талқылауға жергілікті атқарушы, құқық қорғаушы органдар, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, орман қорғау мекемелері, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Павлодар облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 478,7 мың гектарды құрайды.

Соңғы уақыттары заңсыз ағаш кесу қарқын алып келеді. Облыс бойынша 2015 жылдың өзінде 815,3 млн. теңге көлемінде 16,9 мың текше метр аумақта 167 заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелген.

Ал, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен резерваттың аумағында ағаш кесулердің барлық түрлерін жүргізуге мораторий енгізілді.