Жуырда өткен көңілді және тапқырлар клубы ойындарының 55 жылдығына арналған бірінші облыстық КВН Кубогында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «D&D» командасы бас жүлдені қанжығасына байлады.

КВН халықаралық одағы бастамасымен мерейтойға арналған эстафета бастау алып, клубтың туы бір жыл ішінде ресми КВН лигасы бар 75 қаланы шарлап шығады. Ал, Қазақстан жерінде ту Астана және Павлодар қалаларында ғана қонақтады.

Сайыста ПМУ-дың «D&D» командасы облыстық КВН Кубогының иегері атанды. Өнерлі жігіттер ойын барысында жігерлілік, жинақылық, командалық рух танытып, өтімді әзілдер көрсетіп, қарсыластарынан озық болды. 

Команда каптианы Әділ Асановтың айтуынша, КВН ойындары оның отансүйгіш әрі жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына және өмірлік жолын табуға өз септігін тигізді. 

– КВН ойындарын ойнай жүріп, кез келген ортаға сіңіп, көпшілік алдында сөйлеуге машықтанасың. Бұдан өзге, бұл ойындарды шоу-бизнеске апаратын жол ретінде де қарасытруға болады, – дейді Әділ.

Ескере кетейік, «D&D» командасы «Ертіс» аймақтық лигасына жолдама беретін премьер лиганың финалына өтті.