С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО бас рейтингісінің қорытындысы бойынша өзінің көшбасшылығын нығайтты.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігінің  (БСҚА) нұсқасы бойынша университет Қазақстан жоғары білім беру жүйесіндегі жоғары деңгейін сақтап, осымен алтыншы мәрте бесінші орыннан бой түзеп келеді. 

 Рейтингте жоғары оқу орны оқу әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері, халықаралық ынтымақтастығы, жұмыс берушілердің пікірлері және т.б. бағыттар бойынша бағаланды. 

Ұсынылған статистикалық көрсеткіштер болашақ студенттер, ғалымдар және ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан құрылымдар үшін бағдар бола алады.