Бұл күндері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті түлектерін үлкен өмірге ақ жол тілеп, ұшыруда. Ендігі олар өз ісінің кәсіби мамандары. Білім шаңырағында түлектер төрт жыл бойы білім алып, мемлекеттік емтихандарын тапсырып, дипломдық жұмыстарын да сәтті қорғап шықты. Олар қолдарынадағы кәсіби маман екенін куәландыратын дипломдарымен кәсіби белестерін бағындыруға жол тартпақ.

Диплом табыстау салтанаты – жоғары оқу орнының түлектері, олардың ата-аналары мен жақындары үшін есте қалар ерекше сәт.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев жас мамандарға ақ жол тіледі. Ректор түлектерге жүрекжарды лебізін арнап, туған alma mater-інің есігі олар үшін әрдайым ашық екенін ескерді.  

2016 жылғы түлектер қолдарына дипломдарын ала отырып, студенттік өмірдің жарқын сәттерін еске алды, ғылымдағы алғашқы қадамдары мен кәсіби белестеріндегі жетістіктері үшін туған білім ордаларына алғыстарын жаудырып жатты. 

Университеттің студенттік филармониясының өнерпаздары мен студенттері түлектерге өз өнерлерін тарту етіп, оларды тамаша көңіл күймен шығарып салды.