С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Еуропалық одақтың «Erasmus+» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс кездесуі өтті.

Палацкий атындағы университеттің жаратылыстану ғылымдары факультетінің халықаралық ұтқырлық бойынша үйлестірушісі Дана Гронычева жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Erasmus+» бағдарламасының кезең кезеңімен жүзеге асыруын және Палацкий университетіне шетелдік студенттерді тарту мүмкіндіктерімен таныстырды. 

Сонымен қатар, Палацкий атындағы университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінінің экология және қоршаған орта кафедрасының профессоры, ғылым докторы Шарапатка Боривой агротехнологиялық факультеттің студенттеріне дәріс оқыды. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Құндыз Мұқатаеваның айтуынша, айтулы бағдарлама бойынша білім алу білімін тереңдеткісі келген дарынды жастарымыз үшін тамаша мүмкіндік. 

– Біздің оқытушылар шетелдік жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде дәріс оқитын болады. Ал студенттеріміз серіктес университеттерімізде тегін білім алып, шәкіртақы төленеді және сондағы оқу кезіндегі шығындар да өтеледі, – деді Құндыз Боранбайқызы.