С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұражай кешені мен ғылыми зертханаларына Павлодар қаласының мектеп оқушылары экскурсия жасады.

Экскурсия С. Торайғыров атындағы ПМУ мұражай кешені мен «Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының мұрындығымен өтті. Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының зертханаларында оқушылар ғалымдардың қыштан ерте дәуір үлгісіндегі құмыралар мен ыдыстарды қалай жасағанына куә болды. Мұнымен қоса, қонақтар қазақ этнографиясы мұражайындағы көне қобыздардың үніне қанық болды. 

Сондай-ақ, қонақтар университеттің энтомологиялық кабинетінде әлемнің түкпір-түкіпірінен жиналған көбелектер үлгілерімен таныс болды. Биология магистрі, ғылыми қызметкер  Сергей Титов мұндағы көбелектердің түрлерін жинап, коллекцияны толықтырып отырады.

Гүлнәр Рахимжанованың айтуынша,. С. Торайғыров атындағы ПМУ  энтомологиялық коллекциясы мамандардың айтуынша, өлкетану мұражайындағы топтамалардан әлдеқайда бай. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ мұражай кешенінің басшысы Гүлнәр Рахимжанова: «Осы сынды экскурсиялар оқушылардың ғылыммен айналысуына шабыт береді. Біз оларға тек мұражай экспонаттарын көрсетумен шектеліп қоймай, университеттегі ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстарымен таныстырамыз», – деді.