С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының спорт шебері Әсет Бейсекиннің құрметіне арналған еркеін күрестен облыстық турнир өтті.

Турнирге 2001-2003 жылдар аралағындағы 280 жасөспірім спортшылар қатысты. Семей, Өскемен, Теміртау, Астана, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларының спортшылары он бес салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсті. 

Әсет Байсекин 1982 жылдың 20 қаңтары күні Павлодар облысы Ертіс ауданы, Западный ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алады. 2003 жылы ҚР спорт шебері нормативін табысты орындап шықты. Ол 2005-2006 жылдары олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек етеді. 

– С. Торайғыров атындағы ПМУ қашанда жасөспірімдер мен жастар арасындағы спорттық шараларға ұйытқы болып, балалардың кәсіби спортпен шұғылдануына себепші болып келеді. Ал сайысты Павлодар мемлекеттік университетінде кезінде білім алып, спортта көп жетістіктерге жеткен Әсеттің құрметіне арнап отырмыз. Бұл да өз кезегінде дарынды да талапты жастардың тұсауын кескен оқу орда үшін ізгі іс болды, – дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы Ержан Қыстаубаев.