С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу орданың «Джем» заманауи би студиясының 20 жылдық мерейтойы құрметіне «JAM’S 20th ANNIVERSARY» халықаралық фестивалі өткізді.
Фестиваль хип-хоп би жарыс бағытында өтті. Шара еліміздің айтулы бағытта би билеп жүрген жастарын, жеке топтарын біріктіріп, олардың арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуды көздеді. Сонымен қатар, бұл фестиваль бишілер арасында хип-хопты бейбітшілік, бірлік, махаббат, көтеріңкі көңіл-күйде болу сияқты ұғымдарды насихаттауды да нысанаға алды.
«Джем» би студиясы осыдан 20 жыл бұрын құрылды. 1995 жылы қараша айында алғашқы құраммен танылған.
Топтың жетекшісі РулатОмарбековтың айтуынша, «Джем»-нің бүгінгі жеткен жетістіктері мен жасалған жұмыстары қомақты, өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы өте жоғары.
– Біздің студенттер бір жағынан уақытын тиімді өткізеді, екінші жағынан жастардың бидегі өзіндік бағытын дамытады. Би – тәннің, жанның, сезім мен эмоцияның тілі. Сондықтан, біздің бишілір әдемі қозғалыстар арқылы ұллтарына, жастарына, тіпті әлеуметтік жағдайына қарамастан бір мақсат пен қызығушылықта қоғам игілігіне жұмыс жасайды.
Сайысқа ТМД елдерінің және еліміздің өнерлі жастары қатысты. Би топтары Қарағанды, Семей, Омбы, Барнауыл, Бішкек, Теміртау, Алматы, Астана, Риддер, Ақсу және Екібастұз қалаларынан келді.
Би жарыс бибоинг, хаус, кәсіби хип-хоп және жаңа аяқ басқан бишілер үшін хип-хоп номинациялары бойынша өтті.
Екі күнге жалғасқан бұл сайыстың қорытындысына сәйкес бибоинг аталымы бойынша Астана және Екібастұз бишілері жеңімпаз атанды. Ресейдің Омбы қаласынан келген бишілер тобы кәсіби хип-хоп аталымы бойынша үздік болды. Ал бастауыш хип-хоп номинациясында жеңіс Ақсулық бишілерге бұйырды. Хаус аталымы бойынша жеңісті павлодарлық бишілер иеленді.
Мерейтойлық мерекеде сыйлықсыз қалғандар болмады. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.