С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Ернұр Хайлямов классикалық пауэрлифтинг және жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз атанды.
Байқоңыр қаласында өткен пауэрлифтингтен ел біріншілігі Азия чемпионатының іріктеу кезеңі болды. Павлодар мемлекеттік университеті металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті Ернұр Хайлямов 180 спортшы бақтарын сынаған додада 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшсайыс бойынша 487 келені бағындырып, бірінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш оның жеке басының бағындырған биік белестерінің бірі.
Пауэрлифтинг бойынша спорт шебері Ернұр осы жылдың аяғында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатында халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағына қол жеткізуге бел байлап отыр.
Ернұр өзінің алдағы уақыт еншісіндегі спорттағы жоспараларымен бөлісті:
– Осы жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда өтетін пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионатына, келесі жылдың ақпанында Алматыда болатын универсиадаға, маусым айынада АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты мен шілдеде Белорусияда болатын студенттер арасындағы классикалық пауэрлифтинг бойынша әлем чимпионатына қызу дайындық үстіндемін. Универсиадада Павлодар мемлекеттік университетінің намысын табысты қорғап шығамын деп есептеймін. Өз басым бұл жарыстарда жеңіске жетуді мақсат етемін.
Қазақстан Республикасының пауэрлифтингтен бірнеше дүркін чемпионы Ернұр Хайлямов бүгінде бірқатар рекордтық көрсеткіштер иесі. Ернұр қиындықтарға қарамастан спорт пен оқуды тамаша ұштастыра білген спортшы студент. Ернұр спорттағы жеңістері мен оқудағы жетістіктеріне бағытталған мұратына еш қиындықсыз жетеді. Өйткені, ол қашанда уақытын бекерге ада қылмай, өз-өзін шыңдап жүргенді әдет еткен.