С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің бастамасымен № 38 жалпы білім беру мектебінде «Мәшһүр-Жүсіп және төрелер шежіресі қазақ хандығының 550-жылдығының аясында» халықаралық семинар өтті.
Бұл семинар мектеп мұғалімдерін, мектеп оқытушылары мен ғалымдардың басын қосты.
№ 38 жалпы білім беру мектебінің директоры Мохаммедәлі Әбілғазинов өз сөзінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтудің жас ұрпақ үшін маңыздылығы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, Мойылды шипажайының директоры Фуат Сатыбаев Елбасының Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бастамасына қолдау танытып, бұл республикалық мерейтой халыққа тарихын саралап, өткеніне үңілуге мүмкіндік бергенін айтып өтті.
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнуллинаның қазақ хандарының шешендік өнері туралы баяндамасын жиналғандар ерекше қызығушылықпен қабылдады. С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Назымбек Дүкенбай Болашақ ұрпақтың рухани байылығы болып табылатын Қазақстанның мәдени мұрасы жайында баяндап берді. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған суреттер көрмесін танымал суретші, Президент сыйлығының иегері Қ. Қаржасов ұсынды. Шебердің суреттерінде қазақ хандары, дала батырлары, ақ жаулықты аналар, бұрынғы заманның тұрмысы мен тіршілігі суреттелген.
Мұнымен қоса, Мәшһүр Жүсіп мұраларына қызғушылық танытқан шетелдік қонақтар онлайн бойынша баяндамаларын ұсынды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев жан жақты өнер иесі: энциклопедист, этнограф, философ, ақын. Оның еңбектері – сансыз ізденулердің қомақты мұрасы. Оның өкпе дерті мен психикалық ауруларды емдеу бойынша медициналық ізденулері заманауи ғалымдарды таң қалдыруда.