С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары республикалық тарихи-мәдени «Ұлы дала елі» экспедициясына қатысуда.
2015 жылғы 11 қыркүйектен бастап 9 қазанға дейін елімізде республикалық тарихи-мәдени «Ұлы дала елі» экспедициясы өтуде. Экспедицияға Қазақстан халқы ассамблеясы, ҚР Білім және ғылым министірлігі, ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, ҚР Президентинің қарамағындағы «Қоғамдық келісім» РМҰ мұрындық болуда.
Экспедицияның басты мақсаты Қазақстан халқының тарихи-мадени және рухани мұрасын тану және насихат ету арқылы қазақстандық жеке бас куәлілігін және ұлттық бірлігін күшейту.
Республикамыздың обылыстарын жүріп өтіп, Қазақ хандығына арналған мерекеде аяқ тірейді. Бұл сапар салтанатты түрде Тараз қаласында мәресіне жетеді.
Павлодар Ертіс аумақтарында Қазақ хандығы кезеңінің сақталып қалған тарихи объектілері аз емес. Бұны Павлодар облысының ҚҒА ғылыми-эксперттық тобы, жоғарғы оқу орындардың оқытушылары мен студенттері, мұражай жұмыскерлері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысқан экспедиция жақсы көрсетті. Экспедиция құрамында С. Торайғыролв атындағы ПМУ ғалымдары – тарих ғылымының докторы С.Н. Мамытова, педагогика ғылымының докторы М.Е. Исин, тарих ғылымдарының кандидаттары Г.К. Жапекова, Қ.Қ. Батталов, Е.Қ. Жусупов және «Тарих» мамандығының студенттері болды.
Ақтоғай, Ертіс, Май, Баянауыл және Екібастұз жерлерімен өткен «Ұлы дала елі» экспедициясының жұмысы өсіп келе жатқан ұрпағымызға төзімділік, бірлік, отансүйгіштік тәрбиеге, Мәңгілік ел мәңгі құндылығын орнатуға үлгі өнеге бола алатын, біздің ата-бабамыздың өткен батырлық кезеңін танытты.
Тарихшы ғалымдар жинап алынған материалдарға үлкен ғылыми қызығушылық білдіруде. Олар Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің ерекше құрылу шоғырын, мемлекет дәстүрін құру мен бекітуде, жер бірлігі мен тұтастығын сақтауда үлкен роль атқарған: Абылай хан, Бұхар жырау, Сұлтанбет сұлтан, Мұса Шорманов, Баян, Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай, Жасыбай, Малайсары батырларының және т.б. ұлы адамдардың өмірі мен қызметін толыққанды сипаттауға мүмкіндік береді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамдық келісім және ұлттық бірлестік моделін одан әрі насихаттау және ауқымды «Қазақстан энциклопедиясы» интернет-жобасының негізін құру мақсатында экспедиция кезінде кітапханалар мен мұражайларға кітап тарату, жергілікті халықпен «Мәңгілік ел мұраты – ел бірлігі, жер тарихы – ел тарихы» атты әңгімелесу өткізу, Елбасы Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі бойынша дәріс-таныстырылымдар және «Теңдессіз сый» шарасын өткізу көзделіп отыр.
Тарих ғылымының докторы Сәуле Мамытова Сапар барысында экспедиция мүшелері жергілікті басқару бөлімдерінен, этномәдени бірлестіктерден, тарихшылардан, шығармашылық зиялылардан, облыстың барлық халқынан жан-жақты қолдағанын атап өтті. «Оларға шексіз алғысымды білдіре отырып, павлодарлық «Ұлы дала елі» экспедиция бөлімі аймағымызды барша ел алдында лайықты ғана көрсетпей, Қазақстанда тарих ғылымының ары қарай дамуына, келешекте ішкі мәдени-танымдық және экологиялық туризімнің даму маршрутын анықтауға және Н.Ә.Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясын бекітуге үлесін қосады дегенге сенім білдіргім келеді».