С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға Ұлыбритания, Германия және Дания елдерінен антропологиялық және палеозоологиялық материалдарды зерттеумен айналысатын бір топ шетелдік ғалымдар келді.
Ғалымдар ішінде Экстер университетінен палеозоолог Алан Оутрам, Макс Планк университетінен Анжела Перри және Копенгаген университетінен дат ғалымы Петер Дамгорд бар.
Дат зерттеушісі Петер Дамгорд көп жылдардан бері энеолит және қола дәуірлерінде өмір сүрген еуропа халықтары мен дала халықтарының жаратылысын байланыстыратын «қорған болжамының» дәлелдемелерін іздеп жүрген ғалымдардың бірі. Ертіс маңында және Қазақстанның басқа да аймақтарында өмір сүрген ежелгі тұрғындарын генетикалық тұрғыда зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындыларының нәтижесінде ғалымды қосымша материалдар алуы үшін тағы бір мәрте өңірімізге ат басын бұруына себепкер болды. Материалдарды С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ә.Х.Марғұлан атындағы ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері тауып, жинастырған болатын. Дат ғалымының зерттеу жұмыстары тек қана үндіеуропалықтардың жаратылысымен шектелмейді, сонымен бірге басқа да ежелгі халықтардың, соның ішінде түркі халықтарының жаратылысын зерттейді.
Қазіргі уақытта ғалымдар Павлодар-Ертіс өңірі тұрғындарының еуропалықтармен туыстық қатынасы жайында теорияны тексеру үшін, ДНҚ үлгілерін зерттеп жатыр. Алғаш рет литовтық-американ ғалымы Мария Гимбутас алғаш рет 1956 жылы қорған болжамы ұғымын қалыптастырған болатын. Бұл болжамға сәйкес үндіеуропалықтардың атажұрты Шығыс Украина мен Ресейдің оңтүстігінен бастап, солтүстік-батыс Қазақстанға дейін аумақты алып жатқан. Бұл аумақтан ежелгі үндіеуропалықтар Еуропаға ғана емес, Азияға да қоныс аударған.
Сол себептен де Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындарының ДНҚ-сын зерттеуінің маңызы зор. Өйткені бұл маңнан аталмыш үрдістердің көп болғандығын байқататын ең ежелгі археологиялық материалдары алынды.
Бұл үрдістермен байланысы бар ерте қола дәуірі ескерткіштерін зерттеумен Қазақстандық ғалымдардың арасында В.К. Мерцтің жетекшілігімен С.Торайғыров атындағы ПМУ археологтары ғана айналысып жатыр. «Шетелдік ғалымдардың алынған материалдарға үлкен қызығушылық танытуы – қола дәуірін мың жылға дейін кеңейтіп және еліміздің ежелгі тарихындағы кезеңдерін нақтылай түскен Қазақстан археологиясындағы бұл бағыттың аса маңызды екенін байқатады»,-дейді Виктор Карлович.
Осыған орай, ғалымдардың жылқы жануарының Қазақстан территориясында ежелден-ақ қолға үйретіле бастағанын дәлелдеуге тырысып жатқанын атап өткен жөн. Бөрлі көлінің маңынан табылған мал сүйектерін зерттеудің нәтижесінде, С.Торайғыров атындағы ПМУ археологтарының жинаған материалдары негізінде жылқы малының қолға үйретілу уақыты одан әрі шегерілетін болады. Сонымен қатар олардың зерттеулерінің нәтижесінде ежелгі адамдар мен жануарлардың қандай жағдайларда өмір сүргенін, қалай тамақтанып және немен ауырғанын айтуға болады.
С.Торағыров атындағы ПМУ-ға келген шетелдік ғалымдарға бірнеше мыңжылдықты қамтитын неолит дәуірінен бастап ортағасырлар аралығындағы хронологиялық материалдар ұсынылды.
Бірлесе жүргізілген жұмыстар барысында онға жуық жаңа үлгілер таңдалып алынды, солардың нәтижесінде көптеген мәдени-тарихи сұрақтардың жауабы табылып, алдағы қазба жұмыстарының бағыты айқындалмақ.