С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің магистранты Аида Сәмиева IAESTE бағдарламасы бойынша Ateks Otomotive San. Tlc. Ltd. (Түркия) тағылымдамадан өтуде.
2003 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттік тағылымдама алмасу бойынша Халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылады (IAESTE).
Студенттік тағылымдама алмасу бойынша Халықаралық қауымдастығы (IAESTE) жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне демалыс кездеріне шетелдік көшбасшы кәсіпорындарында тәжірибеден өту арқылы кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйым болып табылады. Студенттер Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Венгрия, Германия, Япония, Финляндия, Турция, Чехия елдерінде механика, машина жасау, компьютерлік және мұнай технологиялары, сәулет, экология және жеңіл өнеркәсіп мамандықтары бойынша тағылымдамадан өте алады.
Аталмыш бағдарламаның аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Сәулет-құрылыс факультетінде Белград университеті сәулет факультетінің магистранты Бояна Джорджевич (Сербия, Белград қ-сы), Чехия техникалық университетінің сәулет факультетінің бакалавры Войтич Коралка (Чехия, Прага қ-сы).
2012-2013 оқу жылында университетте шетел филологиясы кафедрасында оқытушы ретінде магистр Ирвин Пежман қызмет етті. 2014-2015 оқу жылында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында өнер магистрі Гарри Лидс қызмет атқарды.
«Өркен - Павлодар» үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастық аясында Халықаралық ынтымақтастық Департаментімен бірлесе отырып АҚШ еріктісі Андреа Сили С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттері үшін жыл сайын тегін ағылшын тілі курстарын өткізіп тұрады. Курс бітірушілерге сертификаттар табысталады.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті халықаралық ұйымдардың, шетелдік қорлардың, дипломатиялық корпус өкілдерімен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтып келеді. Сонымен бірге шетелдік көшбасшы университеттер мен АҚШ-тың, Еуропа және Азия елдерінің ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді.
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын белсенді түрде дамытып келеді. Жыл сайын ПМУ-дың 40-тан астам студенттері әлемнің ең үздік ЖОО-да білім алады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ЖОО-на шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша ПМУ-ға әр жыл сайын Еуропа, АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінен 60-тан астам ғалымдар шақыртылады.
Жан-жақты халықаралық ынтымақтастық түрлі формада жүзеге асады: студенттер мен оқытушылар алмасу, дәріс оқу үшін шетелдік профессорларды шақыру, оқытушылардың ғылыми тағылымдамасы, бірлесе отырып жобаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру, студенттердің шетелде тәжірибеден өту және оқуын магистратурада жалғастыру, бірлескен жазғы және қысқы мектептер және т.б.
Жыл сайын Германдық қызметінің академиялық алмасуы бойынша (DAAD) ПМУ-дың студенттері Германияға жазғы тіл курстарына барып, оқуын германдық университеттердің магистратурасында жалғастыру үшін, ал оқытушылар – зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін оларға шәкіртақы тағайындалады.
ПМУ Гете атындағы институтпен жемісті жұмыс атқарып келеді. Ал Британ кеңесі оқытушылар мен факультетте білім алып жатқандар үшін біліктілікті арттыру бойынша ақпараттық-танымдық және әдістемелік семинарларды ұйымдастырып тұрады.