С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының бір тобы PDP Британдық көшбасшылық Қорының бағдарламасы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқып келді.
Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебі мен британдық жоғары білім берудегі көшбасшылық қоры үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИД МБ-2) аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жетекшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын жасап шығарды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ тіркеу кеңсесі директоры, техн.ғ.к. Петр Быковтың айтуынша, Павлодар мемлекеттік университетінің 12 оқытушылары осы бағдарлама бойынша біліктілігін арттыруда.
Оқыту курстарының кураторлары – Ұлыбритания елінің профессорлары Мартин Хенсон мен Дэвид Локк. Бұл шетелдік ғалымдардың Қазақстан Республикасы ЖОО жетекшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын жасау барысындағы сараптамалық жұмыстарының нәтижесі бойынша, бүгінгі қазақстандық қандай да бағыттағы болмасын университеттің жаңадан түлеуіне мұқтаждығы бар.
PDP бағдарламасы бойынша оқыту негізгі 3 модуль арқылы жүзеге асады. Мұндай шешімді биылғы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен Жоғары білім берудің Көшбасшылар Еуразиялық форумына қатысушылар қабылдаған болатын.
Оқытудың бірінші модуліне сәйкес оқыту Назарбаев университетінде өтті. Ал екінші модуль бойынша оқыту жаһанның озық жоғары оқу орындарында жүзеге асты. Атаулы бағдарлама бойынша білім алушылар С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлары мен оқытушылары Асылбек Қасенов, Руслан Мұқанов Ұлыбританияның, Мерхат Сүйіндіков, Күлшат Жапарғазинова Шотландияның, Абылай Жүнісов, Салтанат Кенбеилова Жапонияның, Алия Биткеева мен Жанар Ықсан АҚШ-тың, Алексей Богомолов, Светлана Гирнис, Ғалия Итыбаева, Софья Масақбаева Сингапур елінің үздік жоғары оқу орындарының тәжірбиелерін жинақтап келді.
Жоғары білім берудегі ең үздік әлемдік тәжірибелер мен иновациялармен танысудың мұраты – еліміздің жоғары білім беру жүйесін жақсарту. Дүниенің төрт бұрышының алдыңғы қатарлы жоғары мектептерінен тәжірибе жинақтап келген оқытушылар осы жылдың қазан айында, Астана қаласында Назарбаев университетінде өтетін басқосуда өз ұсыныстарын жеткізетін болады. Бұл қадам оқытудың үшінші модулі болып табылады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ атынан PDP бағдарламасына қатысушы, техн.ғ.к., профессор Алексей Богомоловтың ескеруінше, Қазақстандық жоғары мектеп оқытушыларын PDP бағдарламасы бойынша оқытудың басты мақсаты – тыңдаушылардың, олардың университеттерін жоғары білім беру жүйесіндегі жоғары белеске көтеру болып табылады.
– Елге оралғаннан кейін әр қатысушы заманауи білім беру тәсілдерін қолдану арқылы толыққанды түсінікті концепцияларға өтуді, алып келген білімін университеттің дамуына қолдануды, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті бола алатын, шетелдіктермен тең әріптестік қарым-қатынаста ынтымақтастықта бола алатын қазақстандық университеттердің оқыту талаптарына жауап бере алатын оқытудың тәсілдерін жүзеге асыратын болады, – деді Алексей Витальевич.