С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ЖОО-ның ғалымдарын, халықаралық көшбасшы ұйымдар мен димпломатиялық миссиялардың өкілдерін, сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын біріктірген «Жаңа Жібек жолы – тұрақты даму мен гүлдену белдеуі» атты халықаралық симпозиумге қатысты.
Іс шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас елшілігі ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс шараның ашылу салтанатында ҚазҰУ-нің ректоры Ғалым Мутанов Жібек жолының экономикалық белдеуін қалыптастыру идеясы халық пен мемлекеттің дамуына бағытталған Қазақстанның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» стратегиясымен тығыз байланысты екенін айтты. Симпозиумге қатысушылар екі мемлекеттің алдағы уақыттағы ынтымақтастығының дамуын талқылады. «Қазақстан мен Қытай Жібек жолының экономикалық белдеуінің құрылысында маңызды серіктес болуға ниетті және экономика, сауда-саттық, өндіріс, инфраструктураны дамыту, қаржы, ғылым және технология салаларында байланысты нығайтуды көздейді», - деп атап өтті Ғалым Мутанов.
Сонымен қатар Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясы қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің іргетасы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жұмысымен танысты. Қос университеттің басшылары өзара ғылыми жұмыстар, академиялық ұтқырлық, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, студенттер мен докторанттарды оқыту салаларында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды.
Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариевтің айтуынша, ҚазҰУ-нің университеттің құрылымына кешендік модернизациялау жүргізген тәжірибесі өте маңызды. Кластерлік тәсіл негізінде факультеттер құрылып, кафедралар нығая түскен. Нәтижелі жұмысқа бағытталған басқару жүйесі мен оқытушылардың жұмысын бағалау рейтінгісі енгізілді. «Қазақстанның көшбасшы университетімен ынтымақтастықта болып және олардың озық тәжірибесімен танысу біз үшін өте маңызды», - деп атап өтті Арын Амангелдіұлы.