С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында «Жеңістің 70 жылдығы» шарасы аясында танымал ақын Вероника Тушнованың рухына арналған «Сестра милосердия и любовь» атты поэтикалық кеш өтті.
Орыс ақыны әрі дәрігер 1915 жылдың 27 наурызында Қазан қаласында медицина профессорының отбасында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Вероника Тушнова госпитальдерде жұмыс істеді. Оны «Мейірімділік пен сүйіспеншіліктің мейірбикесі» немесе «дәптерлі доктор» деп атады. Себебі ол үміті үзілген жандарға өмір нәрін сыйлай білді.
«Вдохновение» әдеби клубының белсенділері Вероника Михайловнаның шығармашылығына үлкен қызығушылық танытты.
Кезекті отырысқа дайындық барысында біз көптеген жаңалықтарды білдік – дейді ФИЛ- 202 тобының студенті Татьяна Дорошенко. – Мысалы, оның тағдыры қалай болды және оның өлеңдері қандай жағдайларда жазылғанынан хабардар болдық. Оның биографиясымен танысып, өлеңдерін оқып, сол өлеңдерге жазылған үнтаспаларын іздедік.
В. Тушноваға арналған отырыс клубтың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Келесі жылы бұл клубқа 5 жыл толады. Осы уақыт ішінде көркем әдебиет секторы және Қазақстан халқы кітапханасының кітапханашысы Елена Лиханованың айтуынша, клубта шаралар түрлі формада өткізілген. Алдымен күнделікті кездесулер болса, кейін шығармашылық кештерге ұласты.
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің студенті Татьяна Дорошенко Тушнованың поэзиясы оқырманды әлі де болсын бей-жай қалдырмайтынын атап өтті. «Вероника Михайловнаның оқырмандары жыл сайын арта түседі деп ойлаймын. Көшеде келе жатып: «Вероника Тушнова кім?» деп сұрасаңыз, көбі жауап бере алмайды. Біреулері оның ақын екенін айтар, біреулері А.Пугачева орындап жүрген әндердің авторы екенін есіне алар».