С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мақсұт Утешов профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті.
Кездесу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ақпарттық-түсіндірме жұмысы шеңберінде өтті.
Департамент басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірбиесі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыстары жөнінде толық ақпарат берді.
Мақсұт Ыбырайұлының айтуынша, республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың механизмдерін дамытуға бағытталған нормативтік-құқықтық және институциналдық база құрылды. Айтулы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламсын «Нұр Отан» партиясы жасап, бекітті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды.
Мақсұт Ыбрайұлы енді осы қабылданған бағдарламалардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да агенттік баса назар аударып отырғанын айтады. Және мемлекеттік қызметтің орындалуына байланысты әрбір жемқорлық әрекеттер тәуеклді іс екенін терең түсіндіретін жемқорлыққа қарсы семинарлар, тренингтер өткізу тәжірибесі жалғаса береді.
Тұрғындармен байланыс орнату мақсатында Кеңес беру орталықтарын құру көзделіп отыр. Кеңес беру орталықтарының қызметкерлері азаматтарға белгілі бір жемқорлық жағдайындағы іс қимылдарды және заңнамалық нормаларды тәулік бойы түсіндіруге әзір.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барша қоғамды атсалыстыру керек. Оған тек қоғамда жемқорлықтың барлық түрлеріне төзімсіздік танытатын жағдай жасағанда жетеміз. Сіздер жастықтарыңызға қарамастан өздеріңіздің жеке тәжірибелеріңіз бар, заманауи өмірді нақ түсінген тұлғасыздар. Тұлға дегеніміз – өзі сіне жауапты адам. Сіздерге мен бір сарынды өмір сүргеннен гөрі белсенді өмірді таңдаңыздар деп кеңес берер едім. Сіздерді алда осы маңызды құжаттарды жүзеге асырумен қатысты еліміздің болашығы үшін маңызды істер күтіп тұр», – деді Мақсұт Ыбрайұлы.
Руфина Торпищеваның фотосы