С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы ауыл шаруашылық саласындағы инновацияларға арналған индустриалды-инновациялық даму бизнес-кездесуге қатысты.
Іскерлер мен ғалымдардың басын қосқан кездесуге Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйытқы болды.
Бизнес-кездесу кәсіпкерлер мен ғалымдар арасында диалог алаңы ретінде қызмет етуде. Бұл кездесуде ауылшаруашылық саласындағы ғылыми зерттемелермен айналысып жүрген ғалымдар мен осы салада (ауыл және қожа шаруашылықтары) еңбек етіп жүрген кәсіпорын өкілдері кездеседі.
Іскерлік-кездесудің өтуіндегі мақсаты ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорындары өкілдеріне инновациялық технологиялар қолданған ғылыми жобалармен таныстыру.
Кездесуде жергілікті ғалымдардың зерттеу жұмыстарының тұсау кесері ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер өкілдері коммерциялық мұратқа жету бойынша тәжірибелік кеңестерінен де аянып қалмады. Шарада С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының баяндамалары тыңдалып, зерттеу жобаларының тұсау кесері өтті. С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Омашев Қайырлы «Қойларды (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және ет - майлы тұқымды) және қозыларды ұстау мен тамақтандырудың технологияларын, селекция, қайта өндіру, тиімді әдістер мен тәсілдерін қолдану мен генетикалық потенциалын арттыру» ғылыми жобасын қатысушылар назарына ұсынды.
Бүгінгі кездесу ауылшаруашылық салаларына инновациялық технологияларды енгізу жолымен бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерімен халықты қаматамсыз етуді көздеп отыр. Мұндай кездесулер Павлодар аймағын қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарда да жетекші орын алуға, ішкі нарық қажеттіліктерін орындауға және экспортты ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті мөлшерде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімін өндірудің тұрақты негізін құруға бағытталады.