С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы, профессор, т.ғ.д. Марк Клецель «Технологияларды коммерцияландыру» атты гранттық бағдарламаның жеңімпазы атанды.
Грант жеңімпазы, С.Торайғыров атындағы ПМУ Электроэнергетикалық факультеті «Электроэнергетика» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Марк Клецельдің ұсынған жобасының тақырыбы: «Ашық және жабық ток өткізгіш геркон ток қорғанышын бекіту үшін құрылымды коммерциялауды дайындау». Ал жобаның қаржыландыру сомасы 37 миллион теңге. Сонымен қатар, бағдарламаға жұмысын ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультеті «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының профессоры т.ғ.к. Иван Шумейконың жобасы үздіктер қатарына ілігіп, финалға дейін жетті.
Аталмыш гранттық жоба «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігімен және Әлемдік банкпен бірлесіп «Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асты.
Бағдарлама мақсаты – өтінім берушілердің идеясының коммерциялық дәлелділігін аңықтау, технологияларды лицензиялау мақсатында оларды қаржыландыру, старт-ап компанияларын құрастыру және алдыңғы халықаралық тәжірибені есептей отыра жоғары технологиялы өнімдерді сату. Жобаның арқасында елімізде, әлемде аналогтары жоқ үздік ғылыми зерттемелердің дүниеге келуіне жол ашады.
Жеңімпазды ұлттық және шетелдік сарапшылар, гранттық бағдарламаны іске асыру жөніндегі комиссия іріктеу үдерісінің қорытындысы бойынша анықтады.
Грант комиссиясы Қазақстанның барлық аймақтарынан келіп түскен 200-ден аса өтінімнің ішіндегі ең үздік деген 57 жобаны кезекті іріктеуге өткізді. Грант комиссиясының құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, даму институттарының, Технологияларды коммерцияландыру орталығының өкілдері және «CRDF Global» компаниясының халықаралық сарапшылары кірді.
Байқауда бір орынға 22 өтінім таласты. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, энергетика және машинажасау, сондай-ақ, табиғи қорларды дұрыс пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу саласындағы бірегей жобалар іріктеліп алынды.
Тағы бір айта кетерлігі, «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы гранттық бағдарламасының І-ші кезеңінің нәтижесі бойынша жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 526 өтінім келіп түсіп, олардың ішінде 710 млн. теңге сомасындағы 16 жобаға қолдау жасалған. Ал екінші кезеңде, жалпы сомасы 750 млн. теңгені құрайтын гранттарды алған ғылыми жобалардың 17 жеңімпазы анықталды.