С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхансы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазан айы бойы қазақтың белгілі әрі дарынды жазушысы Сайын Мұратбековтың туындыларын оқуға арнады.
С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қазақ әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы ПМУ агротехнологиялық факультеттің МШӨӨТ-301 тобы студенттеріне «Сайын Муратбековтің прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» тақырыбында библиографиялық шолу өтті. Кітапсүйерлер жиылған бұл кездесуде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі бойынша студенттер арсында тағылымды да тартымды әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, көркем әдебиет бөлімінде оқырмандарға «Сайын Мұратбеков: жүрегінен шашылған жарық пен жылу» атты кітап көрмесі ұсынылды. С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қазақ әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жүрсила Абилдинова студенттер арасында өткен библиографиялық шолуды жоғары бағалады. «Әрбір кездесудің көрсеткіші болады. Ал бүгінгі студенттермен өткен бұл шара табысты да жемісті аяқталды. Өйткені, студенттер арасында Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесіне оқырмандар арасында қызығушылықтың артқанын байқауға болады. Кездесу соңында студенттер «Жусан иісі» повесін тапсырып, оқуға алып жатқанын көргенімде өзім де қуанып қалдым», - деп қуанышын жасыра алмады Жүрсила Абилдинова. Сонымен қатар, қазан айғы оқу М-101 тобы студенттері арасында «Сайын Мұратбековтың теңдесіз қазынасы» атты ақпараттық сағатымен жалғасты.
Сайын Мұратбековтың шығармалырын оқу айын «Сайн Мұратбековтың прозадағы өмірлік шындығы» атты оқырмандар конференциясы қортындылады. Жазушы «Жусан иісі» повесінде соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, аяусыз сұм соғыс жетімек еткен ауыл баласының тауқыметті тағдырын шебер бейнелейді. Осы туындыға арналған конференция жұмысында Айдана Пазылова (РЭиТ-302 тобы), Рұстам Нигматулин (ЭЭ-302 тобы) көпшілікті аталмыш повестің қыр-сырына қанықтырып, оқырмандардың қызығушылығын оята түсті.
С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың кітапханашысы Елена Лиханова жетімдіктің ауыртпалығын көрген бала тағдырын мысалға келтіре отырып, Сайын Мұратбековтың айтулы шығармасының бүгінгі жастарға берер тәлімінің мол екенін атап өтті. «Мұратбековтың туындыларында адамдық даналық және адамгершілік қағидаты тұнып тұр. Автор шығармаларында адамдық мораль мәселесін айқын байқап, әшкерелейді», - деп бөлісті оқырмандармен Елена Лиханова.