С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың медициналық қызметтер

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек (дәрігерге дейін) көрсету мақсатында оқу корпустарында денсаулық пункттері ашылған. «А» корпусында - № 112, № 114, «Б» корпусында - № 111, «В» корпусында - № 112А, 123, «Д» корпусында – 3, 4, 6  кабинеттерде орналасқан.

Барлық кабинеттерде СанПин № 2.01.015.03 «Санитарлы-эпидемиялогиялық жабдықтарының талаптарына сай, сондай-ақ жалпы орта білім беретін және интернат ұйымдарының мазмұны мен шарттарына сәйкес» жөндеу жұмыстары өткізілген.

Әр денсаулық пункті пациенттерді қабылдау бөлмесі мен процедуралық кабинеттерден тұрады. Егу кабинеттерінде күнтізбеге сәйкес жоспарлы түрде университеттің бірінші курстан бастап төртінші курс студенттеріне дейінгі вакцинация жүргізіледі, және де эпидемологикалық көрсеткіштердің де вакцинациясы жасалады. Жыл сайын, қазан айы бойы бірінші курс студенттері медициналық тексерістен өтеді, денсаулық жағдайына байланысты топтарға бөлінеді: жалпы, арнаулы медициналық топ, денсаулық жағдайына байланысты босатылғандар. Жыл сайын студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының флюраграфиядан өтуі бақылауға алынып, ауру студенттердің тексерісі жүргізіледі. Әр денсаулық пунктінде тіркеу мен есеп құжаттары жүргізіледі, медбикелер шұғыл және бірінші көмек көрсетеді. №1 поликлинакасы, ОЦФ ЗОЖ, ЖҚТБ орталығы, ОПТД–мен тығыз байланыста. Аурулардың алдын алу және студенттерді сауықтыру мақсатында, санитарлық-ағартушылық жұмыстары жүргізіледі.

2014 жылдың 28 мамырында университеттің денсаулық пункті мемлекеттік лицензия алды. Лицензия Қазақстан территориясында жарамды, бекітілген тәртіп бойынша әр 5 жыл сайын мамандық бойынша біліктілікті арттырудан өткен жағдайда тұрақты және жарамды болып есептеледі.