2014 жылдың 15 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-да облыстық Көктемгі жақсылық аптасы шеңберінде қайырымдылық шаралары өтті.
Бұл игі шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтық және рухани-адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, мейірімділік, жақсылық және жанашырлық сезімдерін бойларына сіңіру.
Біздің студенттер аталмыш шараға асқан жауапкершілікпен қарап, мұқтаж жандарға қайырымды іс жасауға қанаттанды. Адамдарға қол ұшын беріп, игілікті іске қатысушылардың саны көп болды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің Б-202 тобының студенттері Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Васильева Валентина Павловнаның үйіне бас сұғып, қал-жайын біліп, алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтап, азық-түлік пен сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, ардагердің пәтерін тазалап, жинастырып берді. Өз кезегінде ардагердің айтқан өті¬ніштерін екі етпей орындаған елгезек жастарға қарт алғысын жаудырып, ақ батасын берді.
«Көктемгі жақсылық» апталығы аясында «Кездесуге бір қадам» акциясы жүзеге асты. С.Торайғыров атындағы ПМУ Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің Б-202 тобының 13 студентті «Балаларға арналған баспана» ММ балаларына қамқорлық танытып, бала көңілін аулауға жол тартты. Олар өздерінің ойын бағдарламасымен 25 баланың көңілін көтеріп, оларға мейірім шапағын шашты. Сондай-ақ студенттер балаларға сыйлықтар мен ойыншықтарды табыс етті. Студенттер бүлдіршіндерге жылы сөздер тілеп, жақсы көңіл күй сыйлады. Балдырғандар да өз тараптарынан ризашылықтарын жеткізіп, қуанышқа бөленді. С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне «Балаларға баспана» ММ басшысы Жанат Қанафина да жүрекжарды тілегін білдіріп, алғысын жеткізді.