«Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Концерттік залында студенттер мен магистранттар үшін Жолдас Қаспақұлы Бертымұратовтың кезекті дәрісі өтті.
«Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Концерттік залында Тарих және құқық факультетінің, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің, Сәулет-құрылыс факультетінің, Қаржы-экономикалық факультетінің және Энергетика факультетінің студенттері мен магистранттары үшін теолог, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО маманы Жолдас Қаспақұлы Бертымұратовтың «Ханафиттік мазхаб мектебінің және дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдардың идеялық айрмашылықтары» тақырыбына кезекті дәрісі өтті.
Дәрістің мақсаты – экстремистік мағынадағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдардың идеологиясына сипаттама беру және адамдардың, жалпы мемлекеттің рухани қауіпсіздігі үшін олардың қауіп-қатер деңгейі.
Ақырғы жылдары түрлі мағынадағы діни қауымның өсуі белгіленеді. Өкінішке орай, көптеген жастар дәстүрлі исламды экстремистік мағынадағы діни идеологиядан ажырата алмайды. Жастардың негізгі көпшілігінде діни сауаттылығының жоқтығы деструктивтік секталар мен табынушылықтар үшін оларды тартуға негізгі тірек болып табылады.
«Білім+» жобасымен ұлттық салт-дәстүрді және әдет-ғұрыпты сақтау, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мәселелерінде ханафиттік мазхаб мектебінің тарихи рөлін ашу бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Дәріс барысында Жолдас Қаспақұлы Бертымұратовпен экстремистік мағынадағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдардың идеологиялық мәні, олардың даулы әлеуеті және қауіп-қатері ашылды.
Слайдтарды, фотосюжеттерді колданумен, Ж.Қ. Бертымұратовпен көрнекі мысалмен, рухани көшбасшылар және олардың исламдық мағынадағы радикалды секталарға жастарды тарту үшін қолданылатын әдістері көрсетілді.
Дәрістің соңында студенттер Жолдас Қаспақұлы Бертымұратовқа құнды ақпарат үшін және «Білім+» жобасының үйлестірушісі Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық-ғылыми практикалық орталығына алғыстарын айтты.