С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұқтырылған иммун тапшылығының синдромына (ЖИТС) қарсы күреске арналған Бүкіләлемдік күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн режимінде өтті.
Іс-шараның мақсаты – иммундық тапшылық вирус жұқпасынан сақтандыру, ауруды анықтау тәсілдері және емделу әрекеттерін атап айту, сонымен қатар жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Конференцияға қатысушылар – Украина, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің студенттері мен оқытушылары.
Аталмыш тақырып жаһан жұртшылығы үшін көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ол тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, атқарушы органдар және мемлекеттік ұйымдардың назарына да алынуы тиіс.
Конференцияны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов өз сөзінде: «Осы сынды айтулы жобалар ұлттық және мемлекеттік шекаралары жоқ аймақтарда тек кәсіби ынтымақтастық негізде жүзеге асырылады», - деп атап өтті.
Сонымен бірге, іс-шараның үйлестірушісі, География және туризм кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Қасенова конференцияның өскелең ұрпаққа деген маңыздылығына тоқталды.
География және туризм кафедрасының студенттері «Сіз ЖИТС жөнінде не білесіз?» деген сауал бойынша арнайы өткізген сауалнамалық зерттеулер нәтижелерін талқылады. С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Болат Баймағамбетов ЖИТС-тің тарату қауіпсіздігі туралы студенттік жастардың хабардарлық жөніндегі өз баяндамасын жастарға арнады. Және де конференция аясында Тур-302 тобының студенттері, үгіт бригадасының мүшелері Бибінұр Ержанова, Алина Рахимова, Ирина Рекунова, Данила Гайнутдинов, Сержан Кеңес, Дархан Исенкин, Әнуар Шұғаев, Нұрлан Абдулин «Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» атты акциялық жобасын ұсынған болатын.
Төрт жақты диалогтың нәтижесінде іс-шараға қатысып отырған аймақтардың ғылыми, оқу және қоғамдық ұйымдардың санын көбейтіп әрі олардың жастар арасындағы жұмыстарын дамытуды көздеген шешімдер қабылданды. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар таратылды.