Тұңғыш Президент күніне орай студенттік өзін-өзі басқару аясында «Насихат» саяси-құқықтық клубының ұйымдастыруымен Павлодар мемлекеттік университетінде «Қоғамның маңызды тақырыптарының екі жақты көрінісі» атты тақырыпта университетаралық дебат турнирі және «Президент жолы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дебат турниріне қаламыздың барлық жоғары оқу орындарынан пікір- сайысқа қызығушылық танытқан белсенді жастар қатысты. Ойын жоғары деңгейде, әрі қызықты өтті. Дебатта келесі тақырыптар қозғалды:
1. Бұл палата отбасы құрған студенттерге жеңілдік жасау ақталады деп есептейді.
2. Бұл палата студенттердің нашақорлық заттарға міндетті тексеру өту керек деп есептейді.
3. Бұл палата «Болашақ» бағдарламасын нәтижелі деп есептейді.
4. Бұл палата сырттай оқуға қарсы пікірде.
5. Бұл палата кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді үлкендерді жазағалағандай жазалау керек деп есептейді.
Нәтижесінде осы сайыстың әділ өтуін қадағалаған төрешілер Тілеулес Жастілек және Сейтахмет Ернар алғыс хатпен марапатталды.
Жалпы қорытынды бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері Ахмет Санат пен Камзина Арайлым ең үздік дебатерлер деп танылып 1-орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күніне орай «Насихат» саяси-құқықтық клубы, студенттік Кәсіподақ ұйымы және Студенттік ректордың бірлесіп ұйымдастыруымен, «Жас Отан» белсенділерінің қатысуымен «Президент жолы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шара барысында студенттер Елбасымыз жайлы өз баяндамаларын оқыды. Баяндамада Елбасының туылғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі еңбек жолы қамтылған және тәуелсіздік жолында қазақ ұлтының мәртебесін арттыру жолындағы ерен еңбектеріне кеңінен тоқталып өтілді. Дөңгелек үстел барысында Елбасының қазіргі уақытта халықаралық кеңістіктегі орны мен жүргізіп отырған саясаты жайлы сөз қозғалды, студенттер өздерінің пікірлерін ортаға салды.